22.06.2025, 15:26
Оқылды: 458

Отбасымен бірге дауыс беру — тәрбиелік мәні бар, әдемі көрініс!

Бүгінгі Жусандой, Сулыкөл ауылдық округтері сайлауында отбасылармен бірге келіп дауыс берушілер қарасы көп екендігін байқалады. Олардың қатарында ханкөлдік ардагер ұстаз Жексенова Канзия әженің отбасы бар. Ауыл үшін маңызды күнде балаларымен бірге келіп, таңдауларын жасаған, бұл отбасыны ұстаздар әулеті деп атауға болады. Канзия әже, қызы Аңсаған, келіні Дидар мұғалім деген мамандық иелері.

photo-output

Біз №273 сайлау учаскесіне отбасымен келген зейнеткер Канзия Жексенованы сөзге тарттық. «Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды. Сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бүгінгі қабылданатын шешім, ауылымыздың ертеңгі болашағына тікелей жол ашады. Мұндай саяси шарадан ешқашан қалыс қалып көрмегенмін, балаларымның да қоғамдық-саяси өмірден тыс қалмағанын қалаймын» десе, №283 сайлау учаскесіне 85 жастағы Баймұқанова Мұғалима әже, 64 жастағы ұлы Рахметов Файзолла мен келіні Гүлза, немере келіні Жанна болып отбасымен дауыс беруге келді.

photo-output
Баймұқанова Мұғалима ұзақ жылдар ауылшаруашылығы саласында шопан болып жұмыс жасаған еңбек ардагері, оның еңбек жолын ұлы Файзолла мен немересі Алтынбек жалғастырып шаруа қожалығын құрып, жұмыстануда.
«Бүгінгі дауыс беру тамаша ұйымдастырылыпты, қоғамның мемлекеттік маңызы бар мәселелерге жоғары қызығушылығына куәміз. Азаматтардың учаскелерге ағыны едәуір екен, біз де отбасымызбен ел тағдырына қатысты мәселеде дауыс беруге жауапкершілікпен қарап келіп отырмыз.», - дейді Мұғалима әже.
Сонымен қатар №283 сайлау учаскесіне жас балаларымен келген Төлеуғали Ергеннен «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей бала күнінен ұрпағымызға азаматтық белсенділікті сіңіру ата-аналық парызымыз»-деген пікір естідік.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі. Қоғамда болып жатқан науқаннан қалыс қалмай ауыл болашағына алаңдап, сайлауға келген барлық сайлаушыларға әдемі сыйластық, жарасымдылық, татулық орнаған отбасыларыңыз аман болсын дейміз!

Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале