10.09.2023, 21:22
Оқылды: 35

Отбасымен бірге таңдау жасады

Бүгін Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Айтулы мерекеде Аймағанбетовтар отбасы Жалпақтал ауылдық округінде ауылдың болашағына алаңдап, отбасымен бірге №254 сайлау учаскесінде таңдау жасады. 

20230910105424_IMG_6942

- Мен 1977 жылы өмірге келгеннен осы ауылдың тұрғынымын. Жалпы ауыл әкімдерін халықтың сайлауы оң шешім. Бүгін ауылымыздың болашағы үшін отбасымызбен бірге өз таңдауымызды жасадық. Әр адам өзінің туған жерінің ертеңіне бей-жай қарамау керек. Өйткені ауылымыздың келешегі әр тұрғынның дауысына байланысты, - деді Абай Аймағанбетов.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале