28.11.2023, 16:01
Оқылды: 37

Он отбасын «Сырым елі» газетіне жаздырды

Еліміздің бас қаласы  Астанадағы ҚР Президенті  іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санатты дәрігері Гүлнар Мұхамбетқалиева — Сырым ауданындағы Абай орта мектебінің  1980 жылғы  түлектерінің бірі.

4a16ec12-9d4c-4d81-bba2-b17d38d5a571

Туған өңірі  Сарой ауылдық округін әр кезде жадынан шығармай, жергілікті тұрғындарын қадірлеп, сағынышын үнемі жеткізіп отыратын Гүлнар Зейноллақызы соңғы жылдары жерлестерін аудандық «Сырым елі» газетіне өз қаражаты есебінен жаздыруды қалыпты дәстүріне енгізді.

Ал жақында Гүлнар елге деген ыстық сағынышының айқын куәсіндей болсын деген ниетпен ауылдағы табысы аз он отбасын «Сырым елі» газетіне өз қаржысы есебінен жаздыртуды аманаттады.

Туған жерге деген сағынышын сонау Астанадан жолдап отырған Гүлнар Зейноллақызына елдің атынан мың алғыс айтамыз.

Мүсірбек Әлібекұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале