13.05.2023, 20:44
Оқылды: 130

Отбасындағы бала тәрбиесі талқыланды

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапханада «Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде бала тәрбиесі мәселесі талқыланды. Дөңгелек үстел аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, аудандық қорғаныс істері бөлімінің және аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен өтті.

IMG-20230513-WA0013

Қоғамдағы күн тәртібінде тұрған мәселе талқыланған жиынға Мұфтығалиевтер, Құрманалиевтер, Сралиевтер, Нигметовтар және Ілиясовтар отбасы қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. «Отан от басынан басталады» деген қағиданы ұстанған отбасылар бала тәрбиесіне ата-аналар баса назар аударуы керек екенін және баланы отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажет екендігін атап өтті. Олар балаға отбасында дұрыс тәрбие берілсе, әскерден қашу, ұсақ бұзақылықтар, жалпы құқықбұзушылық орын алмас еді деген пікірде. Дөңгелек үстел қатысушыларына арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
IMG-20230513-WA0021

Айта кетейік, аталған іс-шара 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылды.

IMG-20230513-WA0041

IMG-20230513-WA0046

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале