2.11.2021, 10:18
Оқылды: 76

Оза шауып, бәйге алған!

Жақында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Туған өлке – тұнған тарих» атты облыстық ғылыми-зерттеу жоба байқауының қорытындысы жарияланып, Жастар мәдениет үйінде марапаттау рәсімі өтті. 

4

Байқау өзінің туған өлкесін, ауылын, қаласының тарихын білетін, өз өлкесін ерекше сүйетін, оның салтын қастерлейтін, Отан патриоттарын тәрбиелеу, білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған еді.

Ережеге сәйкес облыстық байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары, ЖОО-ның I курс және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының I, II курс студенттері қатысты.

Ғылыми жоба байқауына келіп түскен жұмыстар антикөшірме бағдарламасынан тексерілді. Антикөшірмеден өткен ғылыми жобаларды ғалымдардан тобынан құралған комиссия құрамы сараптап, іріктеуден өткен, тақырыпқа сәйкес жұмыстардың авторлары жеңімпаз деп жарияланды.

Ғылыми-зерттеу жоба байқауының нәтижесінде Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бақтығали Нұржахан Оралханқызы I орынды жеңіп алса, аталмыш мектептің 9-сынып оқушысы Жоламанова Нұрай Жақанқызы III орынға ие болды.

2

3

Қатарынан оза жапқан озат оқушылар диполом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Дина әже мектебінің қос бірдей өренін баптап-баулып додаға қосқан жетекшісі, жас мұғалім Азамат Ерсұлтанұлының да еңбегі мол.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале