Отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және үлгілі отбасын насихаттау мақсатында шаңырақ шаттығын паш еткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қортындыланды.
Аталған байқауға Жаңақала ауданынан Сахметовтер отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, бақ сынаған болатын. Өнегелі байқауда өңіріміздің намысын қорғаған Сахметовтер отбасы жүлделі II орынды еншілеп, 1 000 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды. Осындай ұлттық үрдістің үлгісін танытқан жарасымды жанұяға зор табыстар тілейміз.
Жаңарған өңір ақпарат