16.11.2021, 17:10
Оқылды: 53

Өзекті мәселелер талқыланды

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, ауыл әкімдері, ауыл имамдары қатысты. Кеңесте алғаш сөз алған аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев аудандағы діни ахуалды тұрақтандыру бағытында діни бірлестіктердің атқарған жұмысы туралы баяндады. Бас имам ауылдық округтердегі мешіттердің жай-күйі, ауылдарда имамдардың тапшылығы жөнінде де тоқталып өтті.

258397612_2477608909041776_357247151667518048_n

Өз кезегінде міндетті екпеден бас тартқан дәстүрлі емес діни бағыттағы ұстанушы отбасылармен атқарылған жұмыстар хақында аудандық аурухана дәрігері Лаура Бекмамбетова айтып берді. Дәрігердің айтуынша, аудан бойынша 34 отбасы екпеден бас тартқан. Соның салдарынан 60 бала екпе алмай отыр. Дәрігерлер тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Көп жағдайда кейбір отбасылар медицина қызметкерлерімен байланысқа түспейді.Баяндамашы түсінік жұмыстарын жүргізу үшін учаскелік полиция қызметкерлерімен жұмыс тобын құруға ұсыныс тастады.

Сондай-ақ жиында «Кәусар» ҚБ-нің төрағасы Сұңғат Тасмұханов «Кәусар» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығының жұмыстарын баяндады.

Ә.Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале