8.09.2025, 17:19
Оқылды: 297

Өзгерістер өрістейді

Заманауи прогрессивті мемлекет құру барысын, ел дамуындағы беталыстарды халқымыздың басым бөлігі бағалайтынын зерттеулер көрсетіп келеді. Өмірімізде өркенді өзгерістер салмақтанып, өрістей береріне бұқарамыз сенімді де, тілекші де. Реформалар, қоғамды жаңарту үдерісі тиісті деңгейде жалғасып, тегеурінді бола түсетініне Президенттің биылғы Жолдауынан да өте жақсы қанықтық.

WhatsApp Image 2025-09-08 at 18.17.24

 

Айталық, Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары жарияланған 2023 жылғы Жолдауда 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есеге арттырып, 450 млрд. долларға жеткізу көзделгені көпке мәлім. Әрине, оңай келетін ештеңе жоқ. Дейтұрғанмен, жан басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің өсуі 2024 жылы 5 пайыз шамасы болса, биылғы 7 айда 6,3 пайызды көрсетуі көп жайтты аңғартады. Ауқымды өнеркәсіп жобалары қолға алынуда.

Басқа да толымды табыстардан мысал қаншама?! Жолдауда айтылғандай, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" бағдарламасы аясында 540 нысан салынды, былтыр 19 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Елде былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Мұндай жетістік өз ауданымызға да бұйыруда.

Жолдауда агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуына тапсырма жүктелді. Ауылдағы шаруаларды қолдауға биыл 1 трлн. теңге бөлінді. "Ауыл аманаты" жобасының орындалу барысынан өз ауылдарымызда да айтулы істер бар.

Мына құбылмалы әлемде Қазақстанымыздың жұлдызы жарқырай түскей. Осындай тілекте болайық, әрқайсымыз ауыл-ел ырысына үлес қосуды діттейік.

Бауыржан Сатдықов,
Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылдық округінің әкімі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале