Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, Жәнібек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерсайын Құбашев және аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Нұртілек Мизамбаев көршілес Ресей Федерациясының Палласовка ауданына барып, Сталинград шайқасында Кеңес әскерлерінің неміс-фашистік әскерлерін талқандауының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың құрметті қонақтары болып қайтты.
Мерекелік шарада «Ұлы жылдарға тағзым етейік!» атты еске алу сағаты, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі, «Тарихты өзгерткен шайқас» концерттік-театрландырылған бағдарлама, «Сталинград — батыр-қала» атты балалар сурет байқауы және «Ыстық қар» тақырыбындағы көркем шығармалар көрмесі ұйымдастырылды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, Палласовка ауданының басшысы В.Толмачевқа аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының шебері Елдос Сағадатовтың қолынан шыққан туындыны сыйға тартты.
Айта кетейік, шараның басты мақсаты — париоттық тәрбие беру, Сталинград майданындағы жеңісті дәріптеу, соған үлес қосқан, тек орыс халқын емес, қазақ және басқа да халықтың үлесін айту.
Жәнібек ауданынан 3602 адам соғысқа аттанған болса, соның көпшілігі Сталинград майданына аттанған. Мерекелік датаға арналған шаралар Ресей елінің барлық қалаларында кең көлемді тойлануда.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz