7.02.2023, 12:45
Оқылды: 23

Пәндер олимпиадасында 81 жүлдегер анықталды

Бәйтерек ауданы Переметный мектебінде пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

e42d09e3-d060-4876-814a-ce2aaf97f28e

Білім додасында аудандағы 37 орта мектептің 282 шәкірті 14 пән бойынша алғырлығын танытып, бақ сынады.

Бір кезеңнен құралған олимпиада шартына сай оқушылар «respa.daryn.kz» сайтында тапсырмалар  орындады.

Қорытындысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен - 13, орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиетінен - 4, орыс тілі мен әдебиеті — 4, қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиетінен - 5, ағылшын тілі - 12, тарих -17, құқық негіздерінен - 4, математика - 4, физика - 2, информатика - 1, химия - 2, биология - 9, география -4 оқушы үшінші кезеңге жолдама алды.

Гүлжан Хамитқызы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале