Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Парасат жолы» жобасы аясында «Парасат жолы - адалдық айнасы» тақырыбында Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы, «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлдана Бирниязовамен жүздесу өтті.
Ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілету, өскелең ұрпақты, жалпы қоғамды парасаттылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға кітапханашылар Zoom платформасы арқылы онлайн байланысқа шығып, пікір алмасты.
Шара барысында Тасқала аудандық ОКЖ әдістемелік бөлім меңгерушісі А.Куспанова «Парасат жолы» өңірлік орталығы туралы сөз алып, «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Бирниязова аудан жастарын адалдыққа шақыру, парасаттылыққа баулу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға, адалдық, парасаттылық тақырыптарындағы оқыған кітаптарына тоқталып, жастарға кітап оқуға кеңес берді.
«Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана», – деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, кітапхана - парасаттылыққа даңғыл жол сілтейтін рухани орда.
ОКЖ библиографы Ш.Жуматова «Парасат жолы - адалдық айнасы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, парасаттылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Анаргүл Өтеуғалиқызы,
Тасқала аудандық ОКЖ-нің әдістемелік бөлім меңгерушіcі