18.03.2022, 9:29
Оқылды: 50

Партия активі Жолдауды талқылады

«Amanat» партиясы ғимаратында партия активі жиналып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталған партия активінің жиыны өтті. Жиынға Бәйтерек аудан әкімі Марат Тоқжанов, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбек Хайруллин, «Amanat» партиясы аудандық филил төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар, бастауыш партия ұйымдарының басшылары қатысты.

IMG-20220317-WA0108

– Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен қамсыздандыру мәселелері қамтылды. Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтты. Олардың мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарын иеленуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салынады.

Бұдан бөлек саяси реформаларда биліктің заң шығарушы саласына да қатысты мәселе қамтылады. Сенатты жасақтау тәртібі мен оның бірқатар қызметі қайта қаралады. Мемлекет басшысы Парламенттің жоғарғы палатасындағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды. Сондай-ақ Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы алынып, Сенатқа беріледі. Осы ретте олардың саны 9-дан 5 депутатқа қысқарады.

Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылады. Яғни, парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады. Партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Оларды тіркеу шегін төрт есе, яғни 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендету ұсынылды. Бұның барлы бір күнде жасалатын шаруа емес. Десе де біз осы бағытта тынбай еңбенуіміз керек,-деді өз сөзінде аудан әкімі Марат Тоқжанов.

Мұнан соң аудандық қоғамдық кеңес төраға Виктор Железнов сөз алып, Президент Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мән берілгенін, дағдарысқа қарсы жедел жүзеге асырылатын шараларға арнайы тоқталғанын айтып, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің үлесі бар компаниялардың валюталық табысының экспорттық сатылымын ұлғайтуға, мемлекеттік аппараттың қызметіндегі бюрократияны жоюға да баса мән берілгені қуантатынын ерекше атап өтті.

Одан бөлек актив отырысына қатысқан еңбек ардагері Николай Анципрович Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бастамалар еліміздің саяси жүйесін және әкімшілік-аумақтық құрылымын барынша өзгертуге бағытталғанын жеткізіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асырға ел дайын екенін де айтты.

Сонымен қатар актив отырысында сөз сөйлеген Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров та Жолдауға қатысты өз пікірін білдіріп, әр бастаманы қолдауға әзір екенін жеткізді.

-Президент өз сөзінде: қызметіне түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу аса маңызды міндет екенін ерекше тоқталып, осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайын екенін айтты. Ендеші біздің міндет жаңа қазақстанды бірлесе құру,- деді жиынды қорытындылаған аудан басшысы Марат Тоқжанов.
Актив отырысының соңында арнайы қарар қабылданып, ол бірауыздан қолдау тапты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале