8.10.2020, 12:25
Оқылды: 44

Партия белсенділері мадақталды

Алғашында Бөкей ордасы ауданы бойынша праймеризге 27 үміткер қатысуға ниет білдірсе, дауыс беру кезеңіне 26-сы қатысты. Бір үміткеріміз денсаулығына байланысты саяси науқанға қатысудан бас тартты.

Partia

Айталық, 26 үміткердің 38%-ы әйел азаматтар болса, 27%-ы 35 жасқа дейінгі жастар екен. Бөкейлік үміткерлер де өз партияластары сынды 31 тамыздан 3 қазанға дейін сайлауалды бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынып, ашық пікірсайыстарға қатысты. Пікірсайыстар онлайн және дәстүрлі форматта өтті. Сайлау да осы екі форматта жүзеге асты. Қазанның 1 күні ашылған сайлау алдымен электронды нұсқада жүрді. Оған аудан орталығындағы төрт бастауыш партия ұйымының 451 мүшесі қатысуы тиісті еді. Өз таңдауын бюллетеньде көрсеткен 814 "нұротандық" азаматтық ұстанымдарын алты сайлау учаскесінде жасаған. Жалпы ауданымызда 1265 партия мүшесінің 1254-і сайлауға қатысып, қатысу көрсеткіші 99%-ды құрап отыр. Бұл жөнінде аудан әкімдігінде өткен жиында «Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағасы Нұрлан Рахымжанов айтты.

-Сайлауда әр үміткер өзіндік рейтинг биігінен көрінді. Алайда оларды жеңілгендер не жеңгендер деп бөлудің реті жоқ, – дейді Нұрлан Сағынтайұлы. Өйткені жоғары көрсеткішке ие болғандарды енді тағы бір жауапты кезең күтіп тұр. Ал өзгелері белсенділер қатарынан алынып, партияның резервін толықтырды.

Аталмыш жиында жаңа саяси мәдениеттің негізін қалауда өзіндік үлес қосып, ұстаным мен ұсыныстарын ортаға салып, белсенділік танытқандар марапатталды.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале