"Nur Otan" партиясы Қазталов аудандық филиалының активі өтті. Активке саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары-фракция мүшелері, бастауыш ұйым төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері, жастар қатысты.
Актив барысында сөз алған аудан әкімі Альберт Есалиев Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, партияның жаңа мүшелеріне билет табыстады.
Сонымен қатар "Nur Otan" партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин "Партияны қай жүктеу" жұмыстары бойынша баяндама жасады.
-Түйткілді мәселелерді шешуде партия жанынан құрылған депутаттық фракция мақсатты жұмыстар атқарылуда. Мәслихат депутаттары өздері сайланған округтерде ашық қоғамдық қабылдау өткізіп, түрлі акцияларға қатысып, әлеуметтік желіде белсенділік танытуда. Партияға жұмысын жаңғырту, тың бағыт сілтеу – бұл партия мүшелерінің санасы мен іс әрекетіндегі түбегейлі өзгеріс, бұл өзекті мәселелерді шешу, -деді филиал төрағасының бірінші орынбасары.
Активте аудан әкімі алдағы біркелкі атқарылатын жұмыстарға тоқталып, мекеме басшылары мен округ әкімдерін жұмыла іс атқаруға, алдағы жобаларды аяғына дейін жеткізуге шақырды.
Жұлдыз Асқар
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер