21.12.2022, 16:00
Оқылды: 57

Партия жұмысы қорытындыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясы өтті. Конференцияға 16 бастауыш партия ұйымынан сайланған 55 делегат, саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

3

Жиынның күн тәртібінде  «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының 2022 жылы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының есебі және «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сәкен Сәлімжанұлы баяндама жасады.

4

- Қазіргі күні партия өзінің сайлауалды уәделерін орындау мақсатында біркелкі жұмыстар атқаруда. 2020 жылы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған 77 көрсеткіштен тұратын сайлауалды бағдарлама негізінде Жол картасы қабылданды. Биылғы жылға 77 көрсеткіштің 25 (32,5%) орындалды, 44 (57,1%) орындалу үстінде, орындалмау қаупі бар көрсеткіштер саны-8 (10,4%), - деді атқарушы хатшы. Ал орындалмай жатырған уәделердің себебі қаражатқа байланысты екенін атап өтті.

1

Ал Казталов аудандық маслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2022 жылдың қаңтар-қараша  аралығында атқарған жұмысы туралы фракция жетекшісі Гүлдана Хамитқызының хабарламасына сәйкес бүгінгі күнге дейін қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутаттар 161 азаматты қабылдап, оның 54 азаматтың мәселесінің оңды шешуіне атсалысқандығынан хабардар болдық. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің басым көпшілігі жұмыссыздық, тұрғын үй, жол және су мәселелеріне қатысты болған.

Конференцияда күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, талқыланып, облыстық мәслихатқа делегаттар сайланды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале