Шыңғырлау аудандық «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аудандық жол картасының 49 тармағы бойынша Ащысай ауылының мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарын іске асыру мақсатында партия жанынан аудандық партиялық бақылау посты құрылды.
Аталған посттың жетекшісі, аудандық мәслихат хатшысы Сағын Казиев, мүшелері – «Ащысай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жасқайрат Айсиев және аудандық мәслихат депутаты Орынбасар Кушев.
Ащысай мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін аталмыш тұлғалар үнемі бақылау шараларын жүргізетін болады.
Н.Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz