3.03.2022, 13:28
Оқылды: 46

Партияның актив отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының активінің отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, саяси кеңес мүшелері, депутаттар, шақырылғандар, аудандық филиал қызметкерлері қатысты. 

IMG-20220303-WA0042

Партия активінің отырысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде берген тапсырмаларын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

IMG-20220303-WA0038

Талқылау жиынында «AMANAT» партиясының Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин партияның мақсаты мен міндеттері жөнінде баяндама жасады.Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев баяндама жасап, өз сөзінде партияны жаңғыртудағы жеті басымдықты атап өтті.

IMG-20220303-WA0040

-Өздеріңізге мәлім, кеше партияның кезектен тыс ХХІІ съезі өтті, оған еліміздің барлық өңірлерінен 393 делегат қатысты. Осыдан тура 23 жыл бұрын 1 наурызда біздің партияның құрылтай съезі өтті. Сондықтан дәл осы күні өткен Съездің, оның шешімдерін тарихи және межелік деп атауға болады. Съезде Партия Төрағасының тапсырмасы бойынша партияны жаңғырту бағдарламасы дайындалды. Жаңғырту аясында Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі Ерлан Жақанұлы Қошанов партияға «AMANAT» жаңа атауын ұсынды. Президент, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде бұл бастаманы қолдады. Съезд делегаттары да толық қолдау білдірді. Осыған байланысты, Съезд партия Жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады, жаңғырту бағдарламасын, партияның жаңа атауы мен логотипін бекітті. Осының бәрі жоғары сенімнің көрінісі болып табылады және біздің партиямыздың жаңа Қазақстанды құрудағы ерекше рөлін көрсетеді. Партияны жаңғыртудағы 7 басымдықтары қабылданды:

-Партияның қатарында ынтымақтастықты нығайту және қоғамның барлық конструктивті күшін шоғырландыру;

-Мемлекеттік аппараттың функцияларын қайталамай, идеологиялық және кадрлық жұмысқа баса назар аудару:

-Мәжіліс пен мәслихаттардағы партия фракциясын қайта жандандыру;

-Аймақтардағы өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге партиялықтардың қатысуын күшейту;

-Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін белсенді ету;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;

-Жастарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеуге ерекше назар аудару, - деді Сәрсенбай Меңдіжанұлы.

IMG-20220303-WA0037

Жиында «Jas Otan» ЖҚ Казталов ауданы бойынша жетекшісі Мұқағали Шоқпанов сөз сөйлеп, жастар саясатын дамытуға арналған партиялық жобаларды атап өтіп, жастардың қолдауға дайын екендігін жеткізді.

IMG-20220303-WA0039

Актив отырысы соңында «AMANAT» партиясының Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев партия активін және партияластарды еліміздің болашағы жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале