4.02.2019, 15:14
Оқылды: 48

Партияның аудандық төрағасы тұрғындармен кездесті

Қаратөбе ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев аудан тұрғындарын қабылдады.

nur otan (2)Үй кезегінде тұрған Қаратөбе ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Мәнсия Жұмағалиева үй кезегіне қатысты өтінішін айтса, музей қызметкері Дулат Наушекенов тұрғын үйіне тартылған құбырдың өткен жылы және биыл тағы да қатып, сусыз қалып қиындық көріп отырғандығын жеткізді.

Жанат Асылханұлы бұл мәселені шешу жолдарын қарастыруды ауыз сумен қамту мәселесі бойынша тиісті сала басшыларына тапсырды.

Үшағаштық Жаңылсын Тапауова тұрғын үйінің аппаты жағдайда тұрғандығын және қазіргі таңда жұмыссыз отырғандығын айтып, көмек сұрады.

Жанат Асылханұлы жұмыссыз отырған үшағаштық Жаңылсын Тапауованы жұмысқа орналастыруды аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Ермекқызыңың ұсынысына сай шешімін тапты. Екінші мәселе Ж.Тапауованың апатты жағдайдағы тұрғын үйіне байланысты өтінішінің жақын арада қанағаттандырылатындығын ескертіп, мәселені дер кезінде шешу бағытында жұмыстануды Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекболат Бердіғалиевке тапсырды.

Бұрын аудан орталығында аяқ-киім тігумен айналысқан жеке кәсіпкер Қайырбек Тілекқабылұлы аталмыш кәсібін кайта жалғастыру мақсатында қаржы жағынан демеушілік сұрап, кәсіп аясын кеңейту мақсатында жер алу үшін өтініш айтты.

– Кәсіпкерлікті қолдау біздің басты мақсатымыз. Кәсіп ашу – құптарлық іс. Жер алу мәселесі шешіледі. Орын әзірлеп алып, аудан тұрғындарының сұранысына ие шаштараз тағы да басқа істермен неге айналыспасқа. Ал бюджеттен қаржы жағынан демеушілік жасау мәселесі заң шеңберінде қарастырылмаған. Кәсібіңізге сай қаражатты несие алу арқылы қамтамасыз ете аласыз, - деді Жанат Асылханұлы.

Қаратөбе ауылының тұрғыны, аудандық қазынашылық мекемесінің кіші қызметкері Өтеміс Қаржауов өзімен бірге мекемедегі тағы бір кіші қызметкердің қаңтар айындағы еңбекақысының өспей қалуы және өзінің 3 жылдан еңбек демалысына шыға алмай жүргендігі туралы шағымданып, көмек сұрады.

Партия филиалының төрағасы қабылдауында болған ауыл тұрғындарының өтініштерін орындау жолында тиісті сала басшыларына мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале