Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» атты өнер фестивалі өз жалғасын табуда. Осы орайда, бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі мен «Балдәурен» бөбекжайы аудан тұрғындарына мерекелік кешті тарту етті.
Шара М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі директорының орынбасары Айдарбек Жұманиязовтың құттықтау сөзінен басталды. Әрмен қарай колледж оқытушысы Гүлзия Хамиева «Атамекен» әнімен концерт шымылдығын ашты. Бүлдіршіндер би билеп, Нұрбала Смағұлова «Жаса, қазағым» әнімен көрермен қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, колледждің саз жетекшісі Батырбек Ахметқалиев шәкірті Алиназар Қадірмен бірге «Адай» күйін күмбірлетті. Колледж студенттері «Жастар» биін билесе, «Балдәурен» бөбекжайының қызметкерлері «Луна» әнін шырқады. Сонымен қатар, Әсемгүл Князева «Жетім қыз» монологын жүрекжарды орындады. Сол сияқты колледж оқытушысы Рүстем Қойбағаров пен Алмас Мұстафин «Жүрегім қазақ» әнін айтты. «Жас сарбаз» клубының студенттерінің орындауында әскери-жаттығу көрінісін назарға ұсынды. Балабақша ұжымы «Әсемділік» биін мың бұрала билесе, Ақкүн Ыбыраева «Қазақ елі» және Р.Қойбағаров «Алаш ұраны» әндерімен көрерменнің патриоттық сезімін оятты. Мерекелік кеш колледж оқытушысы Абылай Әміровтің орындауында «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz