15.02.2026, 9:30
Оқылды: 6

Переметныйда «Ардагерлер – асыл ерлер!» атауымен салтанатты іс-шара өтті

Переметныйда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл және ҚР Қарулы күштері құрамындағы бітімгерлік батальонының Тәжік–Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Ардагерлер – асыл ерлер!» атаумен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

image-14-02-26-10-32-2

Мерекелік жиынның басында қонақтар аудандық мәдениет үйінің фойесінде арнайы дайындаған кітап көрмесін тамашалады. Содан соң кеш шымылдығы «Шың» театры әртістерінің композициялық қойылымымен ашылды.

Бұл ардагерлер – Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарған, ел тыныштығы үшін өмірін қатерге тіккен айбынды жандар. Олардың әрқайсысы – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық қайсарлықтың, батылдықтың, отансүйгіштіктің символы. Кеш барысында осынау жайтқа кеңірек тоқталған ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев бұл іс-шараның жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын да атап өтті. Азаматтық борышын абыроймен өтеген ардагерлерге ризашылығын білдірген соң олардың бірқатарына аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

image-14-02-26-10-32-3

Кеш барысында Ауған соғысы мен бітімгерлік қызмет жылдарынан сыр шертетін патриоттық әндер орындалды. «Ауғанстанда болған күн», «Офицер жан-жары», «Синева», «Тәжік-Ауған», «Письмо из Афганистана», «Ардагерлер» секілді әндер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ал кеш шымылдығы «Мен қазақпын» әнімен жабылды.

Гүлім Жұмағалиева

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале