21.03.2026, 22:27
Оқылды: 8

Переметныйда Наурыз мейрамы қарсаңында тағылымды іс-шара өтті

Переметный ауылында әз-Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық құндылықтарды ұлықтау, салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

image-21-03-26-05-54-4
«Сенімді болашақ» аудандық мүгедектер қоғамының ұйытқы болуымен жүзеге асқан іс-шара барысында «Шежіре» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, қазақтың халық әндері мен күйлерін орындады. Көрермендер ұлттық өнердің көркемдігін сезініп, ерекше әсерге бөленді. Ансамбльдің әрбір орындауы жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Наурыз мейрамының мән-маңызын айқындай түсті.

image-21-03-26-05-54
Кешке аудандық кітапхана ұжымы, мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері, сондай-ақ аудан орталығындағы еңбек ардагері қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық рухты дәріптеуге үлкен үлес қосты.

image-21-03-26-05-54-1
Іс-шара соңында сөз алған аталмыш қоғамдық ұйым төрағасы Арман Айтбаев жиналғандарды Наурыз мейрамымее құттықтап, өнерпаздарға алғысын айтып, осындай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Гүлім Мақсотқызы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале