Переметныйда «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы аясында қабылдау өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында болған іс-шарада азаматтар заң саласының мамандарынан құқық бағытта көмек алды. Солардың бірі – Переметный ауылының тұрғыны Радик Есламғали.

-Жұмыссыз жүруіме байланысты көптен бері несием уақытында төленбей қалды. Сол себепті есеп шотым бұғатталды. Осында келіп жеке сот орындаушыға жолығып, кеңес алдым. Енді Оралға барып, тиісті банкіге барып сөйлесуім керек. Айтқан бағыты бойынша мәселем оң шешіледі деп есептеймін. Өзім көп кешікпей жұмысқа тұрмақпын. Жалақымнан ай сайын несиелік берешегім ұсталатын болады. Қорыта айтқанда, біз секілді жандардың мұң-мұқтажын тыңдап, заң тұрғысынан кеңес беріп, мәселеміздің шешілуіне көмегі тиетін осындай қабылдаудың маңызы зор деп білемін,-дейді ол.

Мұнда құқық қорғау, кәсіпкерлік құрылымдарымен бірге, мемлекеттік мекеке-кәсіпорын басшылары да тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтар алимент төлемдеріне, алаяқтық пен дроперлікке, жаңа салық кодексіне, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелер бойынша да сауалдар қойды. Әрбір сұраққа заң шеңберінде жауаптар берілді.
Гүлжан Серікқызы
Бәйтерек ауданы