Жаңақаланың көрікті жерін тамашалап, әсем табиғатына шығып, плэнер демалысы ұйымдастырылды.
Шараға қатысқан суретші балалардың өз стилі, бағыты бар. Олар түрлі нобайлар жасап ауылымыздың тамаша сұлулығын көрсетті. Табиғат аясында, ашық аспан астында табиғаттың әсемдігін көрсету, бояу түстерінің құбылуын өз көздерімен көріп ұғыну шеберлікті талап етеді.
Әр біреуі суреттеріне «Қандай әсем туған жер!», «Туған жер – көрікті мекенім», «Жайнай бер, Жаңақалам!» тағы басқа атаулар қойып туған жерге деген ыстық ықыласын білдірді.
Жазғы лагерьдегі оқушылардың плэнер демалысын осылайша қызықты өткізді.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz