27.07.2024, 12:10
Оқылды: 50

Подстепный ауылы: тасқыннан кейін қалпына келтіру жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?

Қарғын судың әп-сәтте баспаналарды шайып өткенінен бөлек су өткізу, ауылішілік жолдарының тас-талқанын шығарғанын подстепныйлық ағайын көріп отыр.

F9DC6F53-C3FC-479D-8CD2-5FC6030A2885

Тұрғын үйлер мәреге жетіп, жұртшылықтың бір бөлігі жаңа үйлеріне кіріп үлгерді. Жағдайды қадағалау үшін билік тізгінін ұстағандар, депутаттар ауылға жиі атбасын бұрып, тұрғындармен пікір алмасып жүр.

FF675F89-91FC-462E-8099-98233E7FA3AC

Сонда аталмыш ауыл тұрғындарының баспанадан бөлек бірауыздан көтеретін мәселесі де осы көше мен су өткізу жолдары. Сол мекенде ғұмыр кешіп жатқан соң жолдың да қалыпқа келгенін қалайды ғой. Алайда ентелеп кірген тасқын судан келген зардаптың бірден қалыпқа келуі ертегідегі дүние сықылды емес пе? Шындығына келгенде уақыт керек. Уақытпен бірге бас бірлік танытуға тиіспіз. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатыны ықылымнан дәлелденген.

7AA53C85-E8E7-48EF-83BC-ABAEF72AD594

Оған негіз айта кетсек, Подстепный ауылының Советская көшесінде қарқынды жұмыс басталды. Су тасқынынан кейінгі су өткізу жолдарын қайта қалпына келтіру үшін «TDS» ЖШС тер төгуде. Міне, ауыл тұрғындарының ештеңеден тарықпай ғұмыр кешкені мемлекетке де маңызды.

Алдағы уақытта дәл осылай дейін һәм кейін деп, аспанға бөркімізді атар жұмыстар жалғасын табатыны сөзсіз!

 Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале