6.10.2024, 17:07
Оқылды: 38

Подстепный ауылында дауыс беру қарқынды

Жалпыхалықтық референдумнан Подстепный ауылындағы №360 учаскесінің үйден дауыс берушілері де тыс қалмады.

сайлау 2024 картинка (1)

Айталық, Төле би көшесінің Венера Кәкімова, Қарлыға Сисенғалиева, Бақыт Ізбасова, Ақшыбық Өтегенова өз таңдауларын жасап, референдумның маңыздылығын ұқтырды.

Денсаулықтарына байланысты үйде отырса да, оларды ел келешегі алаңдатпай қоймайды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халық болашағына келгенде мүмкіндігі шексіз екендігін аңғарасың. Осылайша әр тұрғынның пікірін алға оздырған аудан басшылығы, учаске мүшелерінің бағытын сараптауға болады-ақ.

Айта кету керек, Подстепный ауылында дауыс беру қарқынды әрі қалыпты. Ауыл жұртшылығының пікірі ескерусіз қалмайды.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале