31.12.2024, 14:30
Оқылды: 77

Подстепный ауылында көппәтерлі тұрғын үй берілді

Жиренше шешеннің «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп, шағын болса да өз шаңырағын аңсауы немесе Жүрсін Ерманның «Өз үйім – өлең төсегім» деп, тебіренуі жайдан-жай емес. Өз атыңдағы баспана өзіңе деген сенімділікті арттырады. Әйтпесе пәтер жалдаудың, көшіп-қонып жүрудің қиын екені белгілі.

IMG_2104

Бұған мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше назар аудара:

– Тұрғын үй азаматтарымыз үшін – қашанда басты мәселе. Еліміз бойынша азаматтарға қолжетімді тұрғын үйлерді салуды қолға алу керек» деген болатын.

Бұл мәселе Теректі ауданында ретімен шешімін табуда. Биыл су тасқынан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетіліп, тұрғын үй берілді.

Сондай-ақ кезекте тұрғандар да ескерусіз қалмады. Нақтырақ айтсақ, бүгін жаңа жыл қарсаңында Теректі ауданының Подстепный ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер табысталды. Пәтерлер кезек бойынша түрлі санатта тұрған азаматтарға берілді.

Салтанатты іс-шараға Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, «Фирма ИСКОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Рафик Мамедов пен аудан, ауыл жұртшылығы қатысты.

IMG_2097

Әлия Биғазықызы өз құттықтауында құрылысы тоқтап тұрған құрылысқа жан бітіріп, сапалы аяқтап, ел игіліне берген «Фирма ИСКОМ»-ға ел атынан алғыс айтып, тұрғындарды құттықтады.

Жаңа пәтер иелеріне кілттер табысталып, жанымыз жадырап қалды. Олардың жүзіндегі шынайы қуаныш толқытты. Тұрғындар атынан сөз алған Майра Аққұлова 17 жыл бойы кезекте тұрған. Міне, оған бүгін сәті түсіп, пәтер бұйырды. Ол осындай игі бастамаларға сеп болған Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысын жаудырды. Тіпті көзіне жас алды. Аңсаған арманына қолы жеткен оның шаңырағына аудан басшылығы бас сұғып, кір жуғыш машина сыйлады.

IMG_2226

Айта кету керек, халықты баспанамен қамту мәселесі «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында көзделген. Осы орайда ауылдық елді-мекендердегі адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау үшін назарға алынған он бағыт оң нәтижесін берді. Тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу, су және электрмен жабдықтау желілеріне қосылған.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале