11.09.2024, 15:30
Оқылды: 148

Подстепный көшелеріндегі жолдар қалыпқа келтіріліп жатыр

Подстепныйлықтар үшін биыл, яғни, 2024 жыл су тасқынынан бөлек жағымды жаңалықтармен есте қалмақ.

D6E785A5-6C49-468E-A425-F75D88B02216

Аталмыш ауылда ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Үйлер қалыпқа келді. Енді жаяу жүргіншілерге арналған жол, ауылішілік жолдар күрделі жөндеуден өтіп, ретімен пайдалануға беріліп жатыр.

Солардың бірі – Бәйтерек көшесіне төселген су жаңа асфальт. Міне, жол құрылысы мәреге жетіп, тұрғындар көше тойын ұйымдастырып, мәре-сәре болды.

09CC8AF8-DFAB-4555-9B41-01BA4253655E

Бәйтерек көшесінің жұртшылығы «ТОБИ» ЖШС сапалы аяқтаған жолға дән риза. Ағынан жарылып батасын берген Төлеген, Лұқпан, Мейіржан есімді ел азаматтарының қуанышынан осыны аңғарамыз.

Ауыл әкімі Мейірбек Сұлтанов та ағайынның ортасынан табылып, жақсылықпен бөлісті. Өз кезегінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуы үшін тырысқан аудан әкімдігіне алғысын білдірді.

Бізде Бәйтеректегі көңілі бәйтеректей, пейілі дархан тұрғындардың қуанышына ортақпыз. Ағайынның бірлігіне қарап, аталмыш көшеге тұрғын болғың келеді екен, шіркін-ай!..

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале