Подстепный ауылындағы №360 учаскесіне жас отбасылар көп келіп жатыр. Кішкентай бүлдіршіндері ата-аналарының жанында мәз-мейрам болуда. Шайдуллиндер мен Амангелдиндер отбасына аталмыш комиссия төрайымы Ақжүніс Шушаева естелік сыйлықтарды табыстады. Ол референдумға көтеріңкі көңіл күймен келіп, балаларын қазірден бастап тағылымды іске баулып жатқандарына алғыс білдірді. Сондай-ақ дауыс беруші Асыланбек Шайхин Айым есімді қызымен келді.
Расында да, қазіргі бүлдіршін ертеңгі ұлтқа қызмет етер ұрпақ болады. Ал оларға дер кезінде тәлім-тәрбие беріп жатқан жас отбасыларға қалайша риза болмасқа?!
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы