28.11.2025, 19:00
Оқылды: 64

Подстепныйда көңілге ой салған қойылымның тұсаукесері өтті

Бүгін Подстепный мәдениет үйінде ерекше мазмұнмен, терең мағыналы «Ақ пен қара» атты спектакльдің тұсаукесері өтті. Бұл қойылым — жаңадан құрылған «Нұр» балалар театры үйірмесінің алғашқы шығармашылық жұмысы.

a462c13c-15cb-4289-a894-559955e8e658

Қойылымның идея авторы – оқушы Жәңгірхан Ақтан. Жас жеткіншектің толғаныстан туған тұңғыш идеясын кәсіби деңгейде сахналап, көрерменге жол тартқызған — режиссер әрі үйірме жетекшісі: Римма Аманжолқызы. Қойылымның көркемдік жетекшісі — Айгерім Жұмасейітқызы, звук-режиссері — Айымбек Айдарбекұлы, жарықпен көркемдеушілер — Аңсар Оразғалиұлы, Елдар Ержанұлы.

Қойылымның басты идеясы — қазіргі жасөспірімдердің бойындағы жат әдеттерден, теріс жолдан сақтандыру. Жастарды жақсылық пен ізгілікке үндейтін, ақ пен қараны ажыратуға жетелейтін бұл сахналық туынды — болашаққа бағытталған үлкен ойдың көрінісі.

5719ec61-a34e-40ed-800a-fff6307eadd6

Жас актерлер шынайы ойыны арқылы көрермен жүрегінен орын тапты. Кеш соңында көрермен қауым әртістерге зор қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.

47f260b8-c7d8-413d-8689-bbdfb575e941

Қойылым соңында Подстепный мәдениет үйінің директоры Аңсар Оразғалиұлы режиссер Римма Аманжолқызын салтанатты түрде сахна төріне шақырып, алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады. Сондай-ақ, премьераға арнайы қонақ ретінде қатысқан Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Сагидоллин Арман Рахметоллаұлы, Қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Марат Төлеуұлы және қойылымның идея авторы Жаңғырхан Ақтанның анасы сөз сөйлеп, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, жас өнерпаздарға гүл шоқтарын ұсынып, шығармашылық табыс тіледі.

Бұл кеш — жас дарын иелерінің алғашқы қадамына жасалған үлкен қолдау мен сенімнің жарқын көрінісі болды.

  Айгерім Шайхиева
  Подстепный МҮ Көркемдік жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале