Кеше ғана еліміз бойынша мәртебелі мамандық иелерінің мерекесі аталып өтті. Ұстаздар ұлттың бағдары һәм ұстыны. Шәкірт тәрбиесінің осал болмауын көздейтіндер елімізге қатысты мәселелерді де айналып өткен емес. Өйткені білікті ұстаз жан-жақты, қоғам шамшырағы болуы тиіс.
Подстепный ауылындағы №360 учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Светлана Усаева:
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл құжат заңды мүддеміз бен құқықтарымызды қорғауға септігін тигізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы елге арнаған Жолдауында әр салаға жіті тоқталып, республикалық референдум өткізу Жарлығына қол қойды. Бұл әрекеттің бәрімізге серпін бергені – ақиқат. Ұстаз қауымы да референдумнан қалыс қалмайды. Ұжыммен, әріптестерімізбен бірге дауыс бердік,- деді ол өз сөзінде.
Оқушы үлгі етер мұғалім мемлекет дамуына алаңдаса, одан тәлім алған шәкірт те осал ұрпақ болмайды.
Ақтілек Орынбасар,
Теректі ауданы