5.02.2026, 19:00
Оқылды: 7

«Поэзия мен парасат» өнердің жаңа тынысы

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Казталов ауданында «Поэзия және парасат» атты әдеби-поэтикалық кеш өтті.

IMG-20260204-WA0045

Аталған іс-шара Казталов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен, Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханасы және Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен оздырылды.

Іс-шараның мақсаты — қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлердің рухани-мәдени деңгейін арттыру, сондай-ақ поэзия арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Әдеби-поэтикалық кешке Казталов ауданының мемлекеттік мекемелерінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Әр мекемеден кемінде бір қызметкер өнер көрсетіп, Мұқағали Мақатаевтың және өзге де қазақ ақындарының шығармаларын көркем оқыды. Сонымен қатар поэзиялық қойылымдар музыкалық және сахналық элементтермен сүйемелденді.

Іс-шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Хабиболлаұлы Құмарғалиев домбырамен күй орындап, кештің көркемдік мазмұнын арттыруға өз үлесін қосты.

Әдеби-поэтикалық кеш еркін шығармашылық, авангардтық форматта өткізіліп, поэзияның мазмұнын заманауи тұрғыда танытуға бағытталды.

Іс-шара соңында Казталов ауданы әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Асылбек Нәсіпқалиұлы Байғазиев сөз сөйлеп, поэзия кешінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар белсенді қатысушыларға Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Қаримоллаұлы Серіктің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Қатысушылар мұндай мазмұнды рухани шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуы керектігін атап өтті.

Аталған әдеби-поэтикалық кеш Мұқағали Мақатаевтың өлмес мұрасын ұлықтаумен қатар, поэзия мен өнерді тоғыстырған тағылымды рухани алаңға айналады деп сенеміз.

Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале