29.05.2022, 19:52
Оқылды: 51

Поймада шағын маркет ашылды

Ауыл халқы үшін әр ашылған нысан қай кезде болмасын қуаныш сыйлайтыны рас. Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Пойма ауылында «Sattilik» шағын маркеті есігін айқара ашты.

IMG-20220529-WA0058

Айта кетейік, бұл нысанның иелері - аталмыш ауылдың тұрғындары, көп балалы отбасы Жасұлан мен Алтыншаш Кенжеғалиевтар. Ерлі-зайыптылар бұрынғы «Тойхана» ғимаратын сатып алып, өз қаражаты есебінен, яғни 30 млн теңге көлеміндегі ақшаға супермаркет ашып отыр. Сатушылар мен кіші қызметкерлерге тұрақты жұмыс көзін тауып берген.

IMG-20220529-WA0062

Салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Тілек Габдушев ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ еңбек ардагері, зейнеткер Қымбат Бабенова да жылы лебізін білдірді.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале