26.07.2022, 18:01
Оқылды: 10

Полиция бөлімінде жаңа басшы

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Абылайхан Серіков жаңадан тағайындалған аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмаз Амангелдіұлы Елбаевты аудан активіне таныстырды.

Полиция тағайындау (2)

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Алмаз Елбаевтың қоғамдық қауіпсіздікті сақтау саласындағы ұзақ жылдардағы елеулі еңбектері туралы айтып, жаңа қызметімен құттықтады.

Алмаз Амангелдіұлы 1977 жылы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 1998-2000 жылдары әскер қатарында болған.

2005 жылдан аудандық  ішкі істер бөлімінде қызмет жасап келеді.  2011 жылы Еуразия академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Полиция тағайындау (1)

2019 жылдан  бүгінгі күнге дейін Қаратөбе ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

22 шілдеден бастап Алмаз Амангелдіұлы Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының №579 бұйрығымен Қаратөбе ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Отбасылы, отбасында 2 ұл, 1 қызы бар.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале