19.03.2021, 18:43
Оқылды: 43

Полиция қамқорлығын сезінді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бастау алған жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы Бәйтерек ауданының барлық ауылдық округтерінде қолдау тауып, игі істер жарысын аудан орталығындағы бөлімдер мен мекемелер де жалғастыруда.

047CFD43-DC65-4510-8756-DBD82B922D3D

Наурыз мейрамына орай Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің басшылығы мен тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметкерлері Переметныйдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қамқорланушыларды көктем мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Полиция қызметкерлері мекемедегі қариялар мен кейуаналардың хал-ахуалын сұрап, жағдайларымен танысты. Сондай-ақ азық-түлік себеттері мен жаңа перделер сыйлады.

9D848098-D154-4F74-AE16-0D3333AA1291

-Қайырымдылық жақсылық жасауға ұмтылдыратын – іс. Құқық қорғау қызметкерлері де арнаулы мекемедегі - қарияларымызды елеп, оларға қамқорлық көрсетуді қолға алды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің, ата-әжелеріміздің атынан полиция бөлімінің ұжымына зор алғысымызды білдіреміз,-деді мекеме басшысы Альберт Талпахов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале