Маусым айындағы кәсіби мерекелердің бірі – Қазақстан полициясы күні. Биыл Қазақстан Полициясының құрылғанына 31 жыл толып отыр. Елдің тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесін аудан жұрты салтанатты түрде атап өтті.
Полиция – қоғамдық тәртіпті қадағалайтын, азаматтардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін орган.
Қазақстан Полициясы 1992 жылғы аталған заң негізінде дүниеге келсе, аудандық ішкі істер бөлімінің тарихы 1971 жылдан басталады.
1971 жылы 10 қарашада Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне қарасты Казталов аудандық ішкі істер бөлімі құрылды.
1971-1975 жылдары Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің бірінші басшысы болып Нұптығали Сейтжанов ағамыз басқарған болатын.
Күні бүгінге дейін осы бөлімді әр жылдары 13 басшы басқарып келген. Қазіргі таңда бөлімнің атауы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Казталов ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
- Бүгінгі күні Казталов ауданының полиция бөлімінде Жалпақтал полиция бөлімін қоса алғанда барлығы 75 полиция қызметкері қызмет атқарады. Оның ішінде, басшылық құрамда – 7, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлар саны – 27, әкімшілік полиция бөлімшесінің мемлекеттік автоинспекторлар саны – 5, тергеушілер саны – 3, анықтаушы – 2, криминалдық полиция тобының жедел уәкілдері – 3, Кезекші инспекторлар саны – 6, 1 криминалист, 3 көші-қон тобының инспекторлары, уақытша ұстау изоляторында – 6, басқа да қызметте – 12 қызметкер қызмет атқаруда. Казталов ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері тек қылмыстың алдын алуда ғана емес спорттық және мәдени шараларға белсене қатысып отырады. Қызмет атқару барысында қаза болған ардагер милиция капитаны Құтқожин Ғайнеден Ихсанұлына арналған ардагерді полиция бөлімінің қолдауымен полиция ғимаратының ішінде арнайы бұрыш орнатылды. Сонымен қатар Казталов ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде үздік нәтижелерге қол жеткізгендері үшін жыл сайын марапатқа ие болып отырады, - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тимур Бисенов.
23 маусымда да Қазақстан полициясы күніне орай өткен салтанатты жиында бірқатар қызметкер марапатқа ие болды.
Атап айтар болсақ, полиция майоры Ақылжан Меңдіғұлов, Гүлфайруз Кенжебаева, Айдана Меңдібекова, полиция лейтенанты Дәурен Ғалымов, Әсем Шынтай, Нұрбол Қабдығалиев, Ерік Қалиматов, аға лейтенант Санжар Гусманғалиев, Қалимат Құрманалиев, полиция кіші лейтенанты Нұрхат Жұмаш, әділет капитаны Жалғас Шынтас, полиция сержанты Бекзат Қадеров, полиция аға сержанты Мейрамбек Қабдекен аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы сала ардагерлері Қадырбек Балғынов пен Қайрат Бекмұханбетовке де аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Мерекелік жиында кеудесіне төсбелгі тағып, шені жоғарылаған азаматтар да болды. Казталов ауданының полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұркен Қалманов, сала ардагерлері Қуат Байдуллин, Бекжан Әлімов «Қазақстан полициясы» төсбелгісімен марапатталса, Аят Ғалиасқаров және Ернар Қалимоллин «полиция аға лейтенанты» кезекті арнаулы атағын алды. Ал Казталов ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция капитаны Азамат Аубекеров, криминалдық полиция тобының жедел уәкілі, полиция капитаны Исатай Захаров және Жалпақтал полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция лейтенанты Ернар Қалимоллин БҚО Полиция департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды. Казталов ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тимур Бисенов әріптестеріне БҚО Полиция департаменті бастығының, департаменттің ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарын табыстап, өз атынан бірқатар маманды алғыс хатпен марапаттады. БҚО Полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің алғыс хатына сала ардагерлері Марат Сатыбалдиев және Абай Құмаев ие болған еді.
Салтанатты жиында Тимур Қайыржанұлы 12 полиция қызметкеріне өз атынан ризашылығын білдірген болатын. Олар Казталов ауданының полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Мержан Тілеубаев, бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Нұрхан Ғазезов, бөлімнің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция капитаны Айбек Ысқақов, полиция майоры Есентемір Нариманов, полиция капитандары Жалғас Ажғалиев, Данияр Байдуллин, Айдын Ғизатуллин, Ернар Хамитов, Абай Жаңабаев, полиция аға лейтенанты Аят Ғалиасқаров, Алихан Жангереев және аға сержант Алтынбек Тлепбергенов.
Аудандағы 2023 жылдың 6 айлық жедел жағдайдың талдамасы бойынша Казталов аудандық полиция бөлімі аймағында 41 қылмыс, 6 қылмыстық теріс қылық тіркелсе, соның ішінде 34 іс өндіріспен аяқталып, ашылуы – 72,7 пайызды құрап отыр.
Бұл аудандық полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі десек артық айтқанымыз емес. Полиция бөлімінде қызметкерлер саны да артып, жас, әрі білікті кадрлармен толығып отыр. Олар да аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін еңбек етпек.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz