4.12.2021, 15:30
Оқылды: 77

Полиция қызметкерлері қамқорлық жасады

Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында "Жақсылық жасаудан жалықпа" атты қайырымдылық акциясы өтті.

36

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде өткізілген акцияға Бәйтерек аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Айберстиев және Бәйтерек аудандық ПБ жеке құрамы мұрындық болды.

37

Қайырыдылық, ізгілік, қамқорлық жасау парызын қалыптастыру мақсатында өткен игі шара қарттар мен кейуаналарға қуаныш сыйлады.​
-Халқымыздың бақытты да, тыныш заманда өмір сүруі — бұл ел егемендігінің нәтижесі. Менің замандастарым талай қиындықты бастарынан өткерді. Ал қазір тәуелсіздігіміздің арқасында үйімізде тыныштық пен татулық, бақ-береке бар. Адамдардың бойында осындай адамгершілік құндылықтардың болуы бізді қуантады. Жақсылық жасап, қамқорлық көрсеткен атымтай жомарттарға разымыз, - деді қарттар.

38

Полиция қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Тағдыр тауқыметін тартқан жандарға құрмет көрсету арқылы кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетті. Қайырымдылық іс-шараның тағылымы мол, тәрбиелік маңызы зор дейді жиналғандар.

Альбина Бәтенова,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале