20.06.2023, 11:00
Оқылды: 46

Полицияға жас мамандар керек

Әскери борышын өтеген, әскери оқу орындарында білім алған, полиция қызметіне қызығушылығы бар жастарды Бәйтерек аудандық полиция бөлімі қызметке орналасуға шақырады.

IMG-20230619-WA0049
- Бәйтерек ауданы қалаға жақын орналасқандықтан қызметкерлерде тұрақсыздық бар. Бүгінде аудандық полиция бөлімінде 112 адам еңбек етеді. Олардың білім-білігін шыңдау, оқу-жаттығуын жетілдіру жағы да назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда әскер қатарында болып келген, әскери оқу орында білім алған дипломы бар ер-азаматтар болса бос жұмыс орындары бар. Қызмет етуге шақырамыз, - дейді Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Төребек Маратов.

IMG-20230619-WA0047
Сондай-ақ ол полиция қызметіндегі кадрлардың жас кезінен зейнеткерлікке шығатынын, мемлекеттік қолдаудың аясында жалақыларының көтерілуде екенін, әр отбасы мүшесіне пәтерақы төленетінін және қызметін мінсіз, адал атқара білсе шені өсетіні сынды тиімді тұстарын да атап өтті.IMG-20230619-WA0048

Гүлжаз Қалесқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале