«Қазпошта» АҚ аудандық филиалының қызметкерлері аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірігіп Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Өлең- сөздің патшасы» атты шара ұйымдастырды.
Аталмыш шара барысында филиал қызметкерлері ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап беріп, заттай сыйлықтарға ие болды.
Сыйлыққа «Қазпошта» АҚ қызметін тұтынушы жерлестеріміз ие болды. Шараға қатысып, сыйлық алған Динара Еділбаева Абай атамыздың бірқатар өлеңдерін жатқа айтты.
-Мансап жолымды осы «Қазпошта» АҚ жүйесінен бастаған едім. Бұл қызмет қаншалықты жауапкершілік пен еңбекті талап ететінін білемін. Осындай атаулы күнді ескерусіз қалдырмай, танымдық шара ұйымдастырғандарыңызға өте ризамыз. Ісіңізге сәттілік, - деді алғысын жеткізген Динара Еділбаева қатысушылар атынан.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей орда ауданы