9.10.2023, 17:30
Оқылды: 23

Пошташылар мерекесі аталып өтті

9 қазан – Халықаралық пошта күні мерекесіне және «Қазпошта» акционерлік қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына орай Қаратөбе ауданының пошта байланысы торабының ғимаратында мерекелік шара өтті.

Пошта күні (2)

Пошта қызметі алдымен сенімділікті, жылдамдықты және қолжетімділікті талап етеді. Бұл күн – тұтынушылардың әрдайым талаптары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған аса мұқият адамдардың мерекесі.

Аудандық пошта байланыс торабының басшысы Тұрарбек Мұханбетжанов өзінің құттықтау сөзінде пошта қызметкерлерінің  ауданның дамуына қосып жатқан ерен еңбектерін атады. Одан соң көпжылдық жемісті ынтымақтастық және мерзімді басылымдарға жыл сайынғы жазылу науқандарына белсене қатысқан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, аудандық білім беру бөлімі мекемесін және 90 жасқа келген зейнеткер ұстаз, Қаратөбе ауылының тұрғыны Бақыт Жанғалиевті «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы директоры Д.Хасанғалиеваның алғысхатымен марапаттады.

Пошта күні (8)

Пошта қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтауға келген аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан жылы лебізін білдіріп, Шолпан Құспанова, Бақтыбай Хабиев, Әсел Қошқарова, Данагүл Әлібекова, Ертіс Қуанышов, Гүлайна Ақдөңова сынды сала қызметкерлерін алғысхатпен марапаттады.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале