17.08.2020, 11:39
Оқылды: 133

Праймериз "Мықты лидерлер – Мықты партия"

Өткен жылы «Nur Otan» партиясының кадрлық резервін қалыптастыру пилоттық жобасы, ең алдымен, облыс көлемінде Шыңғырлау ауданынан басталған болатын. Бүгінде бұл жоба елімізде жан-жақты қолдау тауып, жаңа сайлау жүйесіне жаңа бағыт берді. Бұл жоба "Мықты лидерлер – Мықты партия" қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту, белсенді және бастамашыл  азаматтарды іріктеу, елді дамыту мәселелерін талқылауға көпшілікті жұмылдыру, аймақтардағы жүйелі жұмыс үшін өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ кандидаттардың жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған праймериз партияның құндылықтарын арттыруға өз үлесін қоспақ.

Praimeriz (1)

Осы орайда ағымдағы жылдың 14 тамызы күні барлық карантиндік шектеу шаралары ескеріле отырып, "Nur Otan" партиясының Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен партия мүшелері, ұйымдастыру комитеті, есеп комиссиялары мүшелерінің басын қосқан семинар өтті. Семинарға "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжәлі Төремұратов, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы, облыстық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев праймеризге қатысып, әдістемелік көмек берді.

Praimeriz (5)

Ең алдымен сөз алған "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Светлана Байтенова аудан бойынша праймеризге дайындық, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша хабарлама жасады. Семинар барысында сөз алған "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев – праймериз өткізудің қадамдық жоспарын, үгіт-насихат науқанының 4 санатына нақты тоқталып өтті. Сонымен бірге Мұрат Рахметұлы праймериздің негізгі мақсаты – барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіндегі тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындау туралы кеңінен түсінік берді.

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжәлі Төремұратов кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары мен оларға дауыс беру тәртібі туралы, ұйымдастыру мен есеп комиссияларының жұмысын айтып берсе, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев кандидаттар арасында дебат өткізу, үгіт-насихат жұмыстарының әлеуметтік желідегі белсенділігі  туралы мәлімдеді.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале