Ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 15 қыркүйек аралығында Бөрлі ауданында қазақ және ағылшын тілдерінен курстар жүргізілді. Аталған курстар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасы” аясында оздырылған болатын. Практикалық оқыту курстары тілді дамыту, көптілді білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.

Жақында кәсіби және күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілі және ағылшын тілінің практикалық оқыту курстарын аяқтаған қатысушыларға сертификаттар табысталды. 120 сағатқа созылған оқыту курстарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының тәжірибелі ұстаздары жүргізді.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы