Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында алдағы Президент сайлауына орай "Сайлау кезіндегі сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында семинар өтуде.
Жиынға аумақтық және учаскелік сайлау комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, тізімге жауапты мамандар, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда. Алғаш болып сөз алған Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Күнсәуле Аралбекова сайлау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.
Семинар практикумның бағдарламасы бойынша практикалық жағдайларды талдау және модельдеу бойынша жалғасын табады.
Зара Жардемова,
Жаңақала ауданы