4.04.2024, 20:05
Оқылды: 95

Президент тапсырмасы: зардап шеккендерге көмек беріледі

Теректі ауданындағы Ұзынкөл ауылдық округіндегі су қоймасының бөгеті бұзылып, маңайдағы елді мекендерді су басу қаупі туындады.

Су теректи узинкол

Екі күннен бері ауылдарды су басуынан қорғау шарасы жүзеге асып жатыр.

image-04-04-24-07-58 (3)

Сыйымдылығы 85 миллион текше метр су қоймасының жырылуынан Ұзынкөл, Жаңа Өмір, Кемер, Барбастау, Юбилейный ауылдарына қауіп бар.

InShot_20240404_204740546

Сондықтан жергілікті атқарушы органдар, аудандағы төтенше жағдайға байланысты құрылған штаб тұрғындарды Подстепное ауылындағы үш эвакуациялық пунктке орналастырып жатыр. Тума-туысына кетіп жатқандар да бар. Ер азаматтар негізінен ауылда қалып, тасқынға қарсы тұруға қамдануда. Құм толтырған қаппен бөгет салып, топырақтан жал көтеріп жатыр.

InShot_20240404_204807344

Бүгін өңірге келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды бағамдап, нақты тапсырмалар берді. Тасқын судан зардап шеккен әр отбасы көмексіз қалмайды. Зардап көлемін арнайы комиссия анықтайды. Бұл Президент тапсырмасы. Өңірдегі жағдайды Мемлекет басшысы қадағалап отыр.
Қазір артық сөз қуып, уақытты бос жіберер уақыт емес. Үрейленіп, әркім айтқанға сенбеңіз. Қарғын су туралы жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметі таратқан хабарларды қаперге алыңыз.

Камелия Өтеу,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале