8.09.2025, 17:30
Оқылды: 353

Президент Жолдауы — ел болашағын айқындайтын маңызды бағдар...

Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы – ел дамуының келесі стратегиялық кезеңіне бағытталған маңызды саяси құжат. Жолдауда айтылған бастамалар қоғамның барлық саласына әсер етіп, жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруға негіз болады.

WhatsApp Image 2025-09-08 at 18.25.26

  1. Президенттің заң үстемдігін нығайту, құқықтық реформаларды жалғастыру жөніндегі ұстанымы – мемлекеттің әділеттілік қағидаттарына адалдығын көрсетеді. Бұл халықтың билікке деген сенімін арттыруға, қоғамда тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.
  2. Экономикалық блокта атап өтілген өнеркәсіптік өндіріс, АӨК және цифрландыруды дамытуға қатысты нақты индикаторлар мен құралдар – макроэкономикалық тұрақтылық пен инвестициялық климатты жақсартуға мүмкіндік береді.
  3. Адами капиталды дамыту – білім беру, денсаулық сақтау және жастар саясатын жаңғырту арқылы жүзеге асатыны көрсетілді. Бұл – ұзақмерзімді дамудың басты тетігі.

Жолдау – тек мемлекеттік аппарат үшін емес, бүкіл қоғам үшін әрекет етуге бағытталған құжат. Ол әрбір қазақстандыққа өз болашағы үшін жауапкершілік жүктеп отыр.

Сағынғали Имашев, 

Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале