11.01.2022, 16:10
Оқылды: 43

Президентпен біргеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасына Әлихан Cмайыловты ұсынды. Бұл ұсыныс барлық халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасап, алға қойылған міндеттерді айқындап берді.

IMG-20220111-WA0067

Бәйтерек ауданының активі аталмыш басқосуды аудан әкімдігінде отырып қарады. Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, бөлім, мекеме басшылары мен депутаттар және қоғамдық ұйым өкілдері жиылған басқосу соңында көпшілік Президент бастамаларын қолдайтындарын жеткізіп, алдағы уақытта Мәжіліс отырысында сөз болған мәселелерді елге жеткізу жайы қарастырылатынын айтты.

IMG-20220111-WA0028

Сонымен қатар мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері де ұжым болып қарады. Кітапхана басшысы Жеңісгүл Жаңабаева Президент Үкімет алдына нақты шешімдер қойғанын айтты.

-Мемлекет басшысының әр тапсырмасы, оның алға қойған әр мәселесі елге оң өзгерістер алып келетініне сендіреді. Жаңа министрлер кабинеті қалыптасып, еліміз қаңтар басындағы бассыздық салдарын оңай еңсереді деген сенімдеміз. Нақты тапсырмалар беріліп, негізгі мәселелердің басы ашылды. Тек алған бағыттан таймай, елімізді дамыту жолында еңбек етуіміз керек, – дейді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Жеңісгүл Жаңабаева.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале