Қостанай қаласында шаңғы теуіп, жүгіруден президенттік көпсайыс өткен болатын.
Көпсайысқа БҚО атынан аттанған Шыңғырлау ауданының спортшысы Оксана Рудь тағы да өзінің бабында екенін дәлелдеп қайтты.
Қарсыластарынан қалмауға тырысып, бәсекеде бәс тіккендерді басып озып, жүлделі ІІІ орынға табан тіреді.
Бұған дейін де өзінің осал спортшы емес екендігін іспен дәлелдеп келе жатқан Оксананың кезекті жеңісі шыңғырлаулықтарды қуантып тастады. Алда да талай сындар күтіп тұр.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz