24.11.2020, 15:24
Оқылды: 41

Пробация қызметі ұжымы жарап тұр!

Қазіргі таңда Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетіне жазылу науқаны жүріп жатыр. Газет оқырмандары бұл маңызды істе жауапкершіліктерін танытып, науқанға белсене атсалысуда. Аудан айнасы тарылымының артуына сүбелі үлес қосып, жан-жақты қолдау білдіретіндердің қатары көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады.

про 1

Бүгін редакцияға арнайы Жаңақала аудандық пробация қызметінің өкілі келіп, аталмыш ұжым атынан 5 отбасыны газетке жаздырды. Және де әріптестерінің де аудандық газетке толықтай жазылғанын тілге тиек етті.

про3

Ендеше, төл газетімізге қолдау көрсеткен аудандық пробация қызметі инспекторларының еңбегіне жеміс тілеп, шынайы алғысымызды білдіреміз.

Ақсұңқар Сәдір,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале