19.04.2017, 17:10
Оқылды: 38

Прокурор тұрғындарды қабылдады

Тасқала ауданының прокуроры Мейірхан Изимов тұрғындарды қабылдады. Қабылдауда болған азаматтардың басым бөлігі прокурорға құқықтық сұрақтар бойынша жүгінді.

М.Изимов бірқатар мәселелер бойынша түсінік беріп, ауыл тұрғыны В.Хорошкиннің өтінішін жеке бақылауына алатынын жеткізді.

- Прокуратура тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағым, ұсыныс-пікірлерді ескерусіз қалдырмайды. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, ел мүддесі үшін қызмет атқарамыз, - деді Мейірхан Ерболатұлы.

Айта кетейік, алдағы уақытта жергілікті мекеме-ұйым және құқық қорғау органдарының басшылары кесте бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале