28.09.2023, 19:58
Оқылды: 41

Пятимар ауылына жаңа әкім тағайындалды 

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Пятимар ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды. 24 қыркүйек күні өткен Пятимар ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысының нәтижесінде Бауржан Рамазанов ең көп 346 дауысқа ие болды.

IMG-20230928-WA0346

Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев Бауржан Сакенұлын жаңа орнымен таныстырып, алда атқарар қызметіне табыс тілесе, Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комитетінің төрағасы Жанболат Бактыгереев жаңа ауыл әкіміне тіркелген әкім куәлігін табыс етіп, жаңа лауазымымен құттықтады.

Рамазанов Бауржан Сакенұлы Орал облысы, Фурманов ауданы, Пятимар ауылында 1964 жылы 26 қараша күні дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – "Инженер-гидротехник", "Мұнай-газ ісі", "Құқықтану".

1971-1981 жылдары Пятимар орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1981-1983 жылдары Пятимар асыл тұқымды жылқы зауытының №4 бөлімшесінде кіші шопан, құрылыс бөлімінде жұмысшы;

1983-1985 жылдары Кеңес Армиясы Қарулы Күштер қатарында болды;

1985-1991 жылдары М.И.Калинин атындағы «Құрмет белгісі» орденді Саратов ауыл шаруашылығын механикаландыру институтының студенті;

2013, 2015 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген;

1991-1997 жылдары Красногор асыл тұқымды жылқы зауытында бас инженер-гидротехник;

2006-2018 жылдары ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында су қорларын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы;

2018-2019 жылдары «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ Су ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі Батыс Қазақстан және Маңғыстау бөлімінің басшысы;

2019-2021 жылдары «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ Су ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі Батыс Қазақстан бөлімінің басшысы.

Қазіргі кезде уақытша жұмыссыз. Үйленбеген. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Рамазанов Бауржан Сакенұлының сайлауалды бағдарламасы:

- Мені ауыл әкімі етіп сайласаңыздар алдағы төрт жылда жұмыстанатын боламын:

- Пятимар ауылдық округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді халықтың жайылым жерлерге деген мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, жерлерді резервке қою мүмкіндігін қарастырамын.

- Тозығы жеткен суландыру жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен қатар, жайылымдық алқаптарды және көлтабаңдарды суландыра отырып, түбегейлі жақсартылған күйге келтіру жұмыстарын жүргізетін боламын.

- Борық, Плантация ауылдарына таза ауыз су жүргізуге жұмыстанамын;

- Аққұс ауылына газдандыру жұмыстарына құжаттарын жасақтап, өткізу жөнінде жұмыстанамын;

- Мектеп жанындағы интернат пен шағын орталық ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге және аталған шағын орталықтың толық жұмыс күніне ауысуына жұмыстанамын;

- Ауыл жастарын мемлекет тарапынан берілетін бағдарламаларға қатыстыруға және ауылдағы спорт және мәдениет саласының дамуына ықпал етемін.

- Ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, көп балалы отбасыларды мемлекет тарапынан берілетін қолдауларға қатыстыру және меценаттарды тарту арқылы әртүрлі әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға жұмыстанамын.

- Ауылымыздың ішкі жолдарын уақытылы тегістеуге және негізгі жолдарды қатқылтабанды жолға айналдыруға жұмыстану;

- Ауыл тұрғындарымен, кәсіпкер және шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, олардың талап тілектерінің орындалуына, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын және ауылдың көркеюі жолында адал қызмет етемін.

- Интернетті қолжетімді ете отыра, оның сапасын жақсарту үшін жұмыстану;

- Жас мамандарды тұрақты жұмысқа орналастыруға және оларға жағдай жасауға жұмыстану.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале