5.10.2020, 12:33
Оқылды: 196

Пятимарда әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті

Өткен аптада Жаңақала ауданындағы Пятимар тоғайының маңайында «Пятимар – алтын шабақ» атты әуесқой  балықшылар арасында жарыс өтті. Балық аулау бәсекесін Пятимар ауылдық окургі әкімдігі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Piatimar (1)

Жарысқа балық аулауға ынтасы мен қолының ебі бар ауыл азаматтары қатысып, бақ сынады. Сайыс 2 сағатқа созылды. Арнайы белгіленген уақыт аяқталған соң ауланған балықтар өлшеніп, соған сай жүлделі орындар мен номинациялар берілді.

Piatimar (3)

Атап айтсақ, балық аулау сайысында I орынға Асылбек Атауов ие болса, II орынды Ерлан Тілеуішов еншіледі. Ал жүлделі III орынды Ерген Ибрашев қанжығасына байлады. Бұдан бөлек «Ардагер балықшы» бағамын Сәбит Есмағамбетов жеңіп алса, «Ең алғашқы балық ұстаған» бағамына Ерсайын Еслямғалив, «Ең жас балықшы» бағамына Меңдос Досқазиев, «Үздік балықшы» бағамына Аслан Маженов лайықты деп танылды. Марапаттау рәсімінде жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, диплом, медальдар табыс етілді.

Айта кетсек, «Альбетияров» жеке кәсіпкерлігі балық аулау жарысына қолдау білдіріп, демеушілік жасады.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале